• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қыркүйек, 2020

Маңғыстау медицинасының дайындығы пысықталды

161 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мәселелеріне арналған жедел штаб отырысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Жаманбаева КВИ таралуының алдын алуға байланысты ағымдағы жағ­дай және медицина қызметкерлерін даярлау, денсаулық сақ­тау нысандарын жабдықтау бойынша қабылданған шара­лар туралы баяндады.

Басқарма басшысының айтуынша, маусымдық инфек­циялық сырқат болған жағдайда медицина мамандары мен дәрі-дәрмек қоры жеткілікті және науқастарға арнал­ған төсектік орын толығымен дайын.

– Ем-шара жүргізуге 2 мың­ медицина қызметкері жұ­мыл­­­­­дырылады. Оның ішінде дәрігерлер саны 282 болса, орта медициналық персонал – 600, ал кіші медициналық персонал – 450. Бұдан бөлек 700-ден астам басқа да мамандар тартылмақ. Бүгінгі таңда елімізде халықты вакциналау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Маңғыстау облысында барлығы 70 мың адам вакциналаудан өтеді. Бүгінде тұмауға қарсы екпені 19 393 адам қабылдады, – деді ол.

Сондай-ақ жиында жедел жәрдем қызметі, жеке қорғаныс құралдарын дайындау және объек­тілерді ашуға дайындық бойын­ша топтардың жұмысы айтылды.

Маңғыстау облысы бойынша өкпені жасанды желдету аппараттары бұрын 95 дана болса, қазір 260 данаға көбейген. Ал оттегі концентраторы саны 30 данадан 564 данаға жеткен. Медициналық ұйымдар бюджет қаржысына, демеушілік және гуманитарлық көмек арқылы 2 айға жететін 825 көп реттік, 31 234 бір реттік қолданылатын кос­тюм, 2 млн дана маска, 29 650 қолғап және басқа жеке қор­ғаныс құралдарымен қам­тыл­ған. Өңір бойынша 274 дәрі­ханада шамамен 400 мың дана медициналық бетперде бар.

Сондай-ақ Маңғыстау облысында төрт категория бо­йынша халыққа медициналық қызмет көрсететін барлығы 198 автокөлік бар, оның 120-ы тұрғындарға қызмет көрсетсе, 16-ына жөндеу қажет, ал 62 автокөлікті есептен шығару жос­парланған.

Жыл басынан бас­тап де­меушілік көмекпен 7 авто­көлік (реанимобиль) об­лыс­тық жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасына берілген. Тағы жыл аяғына дейін ав­топаркті қосымша толықтыру үшін «БРК-Лизинг» арқылы 52 автокөлік әкелінбек.

Жедел жәрдем қызметі бұ­рын тәулігіне 10 диспетчермен облыс бойынша орташа есеппен 600 қоңырау қа­былдаса, коро­навирус ин­фек­­циясының өр­шуі кезінде қоңыраулар саны тәу­лігіне 2 мыңға жуық өсіп, оның тек 700-і қабылданды. Енді демеушілер көмегімен АТС құрылғысы алы­нып, нәти­жесінде 2 мыңға жуық қоңы­рауды 15 диспетчермен өңдеуге мүмкіндік тумақ. Қазіргі таңда бір тәулікте 7 диспетчер, 2 кезек­ші дәрігер және бас дәрі­гер ша­ма­мен 600 қоңырау қабылдап отыр.

Облыс әкімінің орынбасары Н.Аққұловтың айтуынша, өңірде «Жұмыспен қам­тудың жол картасы» аясында 38 нысанның құрылысы және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ақтау қаласы бо­йынша 3 нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде және инфекциялық аурухана салынуда. Облыстық ауруханада және балалар ауруханасында жұмыстар қазан айының 1-інде аяқталады. Сон­дай-ақ инфекциялық ауру­ха­наның құрылысы 65%-ға орындалған.

Медициналық мекемелердің жалпы жағдайы мен күзгі-қысқы дайындық жұмыстары пысықталған жиында мәселенің үнемі бақылауда болатыны айтылды.

 

Маңғыстау облысы