"Қазгидромет" РМК 1 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктердің хабарлауынша, бүгін ел аумағының басым бөлігінде күн ашық болады, тек оңтүстікте және оңтүстік шығыста атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады.
Сондай-ақ республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғуы ықтимал. Қостанай, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с дейін желдің күшеюі ықтимал. Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең 1-4 градус үсік күтіледі. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.