• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Қазан, 2020

Қазақстанда 59 бала коронавирустан ем-дом қабылдауда

149 рет
көрсетілді

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 308 адам ем қабылдауды жалғастырып отыр. Олардың арасында 59 бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz 

Стационарларда 1 813 науқас жатыр, ал 1 495-і амбулаториялық жағдайда ем-дом қабылдауда.

"Науқастардың арасында 94 адамның ахуалы нашар. Солардың ішінде 13 науқастың денсаулығы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. Ал 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.