Интернет-қосымша министр М.М. Мырзағалиевтің тапсырмасы бойынша әзірленді, шаруа және фермер қожалықтарына, сондай-ақ Қазақстанның барлық мүдделі азаматтарына агрометеорологиялық қызметтер көрсетуге арналған. AgroData-ны кез келген құрылғыдан тегін пайдалануға болады. Орталық Азияда мұндай сервистің баламасы әлі болған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осы жылдың қазан айынан бастап фермерлер нақты ақпаратты және болжамдарды онлайн режимде көре алады. Қосымшада ауа райы болжамдары, топырақтағы ылғал қоры және өсімдік шаруашылығында шешім қабылдауға арналған басқа да маңызды ақпарат бар. Барлық ақпарат қарапайым және қолжетімді түрде https://agrodata.kz сілтемесі бойынша ұсынылған.
"Жақын арада қосымша пункттер бойынша 3 сағаттық ауа райы болжамдарымен толықтырылатын болады, біз оны жетілдіру бойынша пайдаланушылардың ұсыныстарына қуанышты боламыз", делінген хабарламада.