Маңғыстау облысының полиция бастығы, полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаевтың тапсырмасы негізінде Маңғыстау облысы ДП ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Жариев, ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы Қ.Бақтыгереев және ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Н.Бишеханов полиция қызметкерлерімен бірге сол күні ішкі істер бөлімінің ардагерлері Құспан Бержанов пен Бекболат Рамазановты құттықтады. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қызметкерлер ардагерлерді қарттар күнімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбітшілік, мейірімділік пен бақ-береке тілеп, қызметтегі көп жылдық еңбектері үшін алғыс білдіріп, сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар дәл осындай қайырымдылық ниетпен облыстық полиция департаментінің қалалық және аудандық бөлімдерінің басшылығы қарт тұрғындардың үйлеріне барып, оларды мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстады.
"Біз Ұлы Отан соғысының, ішкі істер органдарының ардагерлерін әрқашан ризашылықпен еске аламыз. Олар біз үшін Отанға қызмет етудің үлгісі. Үлкендерді сыйлау, құрметтеу біздің міндетіміз. Біздің ұрпақ біздің өміріміз бен жұмысымызда олардың батылдығы мен адалдығын басшылыққа алады. Маңғыстау облысының Полиция департаменті барлық қарт адамдарды, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қарттар күнімен шын жүректен құттықтайды және ұзақ өмір, зор денсаулық тілейді", деді Маңғыстау облысының ПД басшысы Ж.Бақтыбаев.