Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясы бойынша соңғы деректермен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 279 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 64 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 745 науқас жатыр. 1 534 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 97 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 11 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 20 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.