Атырауда жол ережесін бұзатын жүргізушілер көбейіп тұр. Соның біріне 1 млн теңге айыппұл салынған, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Патрульдік полиция қызметкерлері айыппұл төлемей жүрген жүргізушілерді тоқтатып жатыр. Мәселен, жылдамдық өлшегіш құралына 22 рет түскен "ВАЗ-2110" көлігінің жүргізушісіне салынған айыппұлдың жалпы сомасы 417 мың 890 теңгені құраған. Ал, "Lexus" көлігінің иесі жылдамдықты 8 рет арттырып, оған 152 790 теңге айыппұл салынған. Сондай-ақ, тағы бір "ВАЗ-2110" көлігін басқарған жүргізуші жылдамдық өлшегіш құралының "көзіне" 45 рет түсіп, салынған айыппұлдың көлемі 1 миллион 13 мың 970 теңгеге жеткен" -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Айыппұлын төлемеген жүргізушілердің көлігі ақылы тұраққа койылды.