• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Қазан, 2020

Қытайда жүк көлігімен болған жол апатынан 18 адам көз жұмды

251 рет
көрсетілді

Бүгін Қытайдың Цзилинь провинциясында (Солтүстік-Шығыс Қытай) бірнеше көлік соқтығысып, салдарынан 18 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Фую қалалық полиция департаменті хабарлағандай, жол көлік апатынан шамамен 18 адам қайтыс болып, оның біреуі ауыр жарақат алған.

Қытай үкіметінің мәліметінше, апат жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 05:40-та болған. Жол бойында фургон келе жатқан тракторға құлап, содан кейін ол қарсы жолға шығып кетіп, сол жерде жүк көлігімен соқтығысқан. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды.