• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Қазан, 2020

Камчатка жағалауындағы экологиялық апат

110 рет
көрсетілді

Жақында әлеуметтік желілерде Камчаткадағы Тынық мұхитының химиялық заттармен уланғаны туралы хабарлар тарай бастады. Туристер арасында танымал шығанақта түсірілген бейнежазбаларда су жануарларының өлекселері жағалауда қаптап жатқанын байқауға болады.

Сондай-ақ судың түсі де өзгергені айтылады. Мұндай дабылды алғаш болып толқынды бағындыруға келген серферлер қаға бастаған. Халактыр жағажайына келген туристер де суға түскен соң көздері қызарып, ісе бастағанын айтқан. Халактыр жағажайының маңындағы теңіз суларында мамандар фенолдар бойынша 2,5 есе және мұнай өнімдері бойынша 3,6 есе ластануды анықтаған. Үлкен және кіші лагерьлер мен Бабья шығанағында алынған су сынамаларының нәтижелері жақында белгілі болады. Тұрғындар бұл жағдайды экологиялық апатқа теңеп, биліктен кінәлілерді анықтауды сұрап отыр. Ал экобелсенділер болса әлеуметтік желі арқылы әлем жұртшылығының назарын аударуға тырысуда.