• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қазан, 2020

Алтай Көлгінов президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесті

139 рет
көрсетілді

"Ашық микрофон" форматында жастармен өткен кездесуде Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов елорданы одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Бүгін президенттік жастар кадр резервінің резервшілерімен урбанистика мен қала құрылысындағы тәсілдер, қоғамдық кеңістікті одан әрі кеңейту және қаланы қайта құру мәселелері талқыланды. Жас ұрпақтың салмақты тәжірибесі мен көзқарасы бар. Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған кадр резервіне алу олардың көпшілігі үшін өзіндік әлеуметтік лифт болды. Әкімдікке түрлі лауазымдарға 8 резервші жұмысқа қабылданды. Олар жақсы нәтижелер көрсетуде.

Осындай кездесулер пікір алмасуға, халықтан кері байланыс алуға мүмкіндік береді. Бүгін резервшілер экологияны жақсартуға мүмкіндік беретін жүйелі шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Елорданы газдандыру Елбасының экология мен азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсарту жөніндегі көреген шешімі болып табылады. Жеке секторды газдандыру және ЖЭО-ны газға ауыстыру ауаны айтарлықтай тазартуға мүмкіндік береді. Қазір қалада түтін байқалады. Газдандыру процесі бірнеше жылға бөлінген, оның барысында қала біртіндеп көмір қолданудан кетеді.

Ластанудың тағы бір факторы-көліктің көбеюі. Атмосфераға шығарындыларды азайту үшін қоғамдық көлік паркін электр автобустарымен толтырамыз. Жыл басында осындай 100 автобус желіге шықты-олар қоршаған ортаға шығарындылар бөлмейді. Тағы бір партия осы жылдың соңына дейін түседі, аталған жұмыстарды жалғастырамыз.

Сонымен қатар, елорданы ауқымды көгалдандыру экологияны жақсартуға да көмектеседі. Резервшілермен мұндай кездесулерді "ашық микрофон" форматында әлі де өткіземіз", - деп жазды Алтай Көлгінов.