Бүгіннен бастап Қазақстаннан Түркияға әуе рейстері қысқартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгіннен бастап Түркияға әуесапарлар саны қысқартылады.
Сондай-ақ өзге елдерге де жаңа рейстер қосылмайды.
Коронавирустың таралуы бойынша екінші санаттағы елдерден келетін жолушылардың қолында тест қортындысы болуы тиіс. Анықтаманың жарамдылығы небәрі 3 күн. Егер мерзімі өтіп кеткен болса, жолаушы 2 күнге оқшауланады. Стационарда қажетті сынама тапсырады. Оң нәтиже көрсеткен жағдайда инфекциялық ауруханаға жатқызылады. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы елдер мен Өзбекстаннан көлікпен келетін жолаушыларға да осындай талап қойлады. Олар шекарадағы бақылау-өткізу пункттерінде тексеріледі.