• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қазан, 2020

Маңғыстау полицейлері музейі – үздік үштіктен табылды

304 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті биыл "Ішкі істер органдарының үздік музейі" байқауын жариялады, оған Қазақстанның барлық аймақтарынан ведомстволық музейлер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқау "Жастар мен жас ұрпаққа патриоттық, рухани-адамгершілік және азаматтық тәрбие беру жұмыстарын жетілдіру" ұранымен өтті.

Байқау музейдің тұсаукесері, портфолиосымен қамтамасыз ету және онлайн-экскурсиялар жүргізу, баспа басылымдары үшін бейнематериалдар құру, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері туралы сұхбат және  музей материалдары, экспозициялар мен көрмелер негізінде "Бір экспонат тарихы" циклынан бейнематериалдар, онлайн-экскурсиялар дайындау сынды үш кезеңнен тұрды.

"Полиция департаментінің музейі - бұл өте ауқымды, шығармашылық жұмыстың нәтижесі. Өйткені, музей өте маңызды миссияны - білім беру миссиясын орындайды. Байқауда көп сатылы іріктеуден өткен жеңімпаздар анықталды.  Бірінші орынды Петропавл музейі, екінші орынды Алматы қаласы мен Ақмола облысының музейі және үшінші орынды Маңғыстау облысы ПД музейі иеленді", деді Маңғыстау полициясының бастығы Ж.Бақтыбаев.

Сертификат пен дипломды салтанатты түрде табыс ету Полиция департаментінің музейінде өтті. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың атынан департамент басшысының орынбасары Б.Ақшауов құттықтап, музей басшысы А.Әлекешеваны марапаттады.

"Жақсы ведомстволық музей халқымыздың ұлы ерлігінің дәлелдемелерін сақтап қана қоймай, қызметкерлерді, студенттер мен мектеп оқушыларын тарихты өз бетінше оқуға итермелейді және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етеді. Жақсы музей салу оңай шаруа емес. Біз бұл үшін сізге шын жүректен ризамыз", деді Маңғыстау облысы ДП басшысының орынбасары Б.Ақшауов.

Марапаттау рәсімінен кейін барлығына "Бір экспонат тарихы" циклынан бейнематериалдар көрсетіліп, музейге экскурсия жасалды.

Маңғыстау полицейлері музейі экспозициялар мен көрмелер, қорлар, зерттеулер, ғылыми және білім беру бағыттары бойынша жұмыс жасайды,  бірнеше жыл ішінде мұнда  бірегей тарихи экспонаттар, адал достар, қамқор көмекшілер багажы жинақталды. Музей өзінің күнделікті қызметінде мәдени-ағартушылық, экскурсиялық және көрме жұмыстарын ұйымдастырып, түрлі іс-шаралар мен ашық есік күндерін өткізеді.

 

Маңғыстау облысы