• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Коронавирус 06 Қазан, 2020

КВИ жұқтыру ықтималдығын анықтайды

125 рет
көрсетілді

Үйде COVID-19-ды жұқ­тыру ықтималдығын баға­лаңыз. Мұндай мүмкіндікті Назар­баев Университетінің түлек­тері жасаған ақылды тест береді.

Тест сұрақтар мен жауап­ нұсқалары бар сауалдама тү­рінде ұсынылған. Тестің жұ­мыс істеу қағидасы нейрондық желіге – жасанды интеллект тех­нологиясына негізделген. Ней­­рожелі COVID-19 вирусын жұқтыру ықтималдығын он­дағы COVID-19 негізгі бел­гілері, тәуекел топтары және Ден­саулық сақтау министрлігінің рес­ми хаттамалары туралы бағ­­дарламаланған ақпаратты ескере отырып анықтайды. Әзір­леушілер тест нәтижелері нақты диагнозды бермейтінін және медициналық қорытынды емес екенін ескертеді. Алайда осы арқылы қазақстандықтардың COVID-19 вирусын жұқтыру ық­тималдығына қатысты өз ден­саулығының жай-күйін өз бетінше талдауға мүмкіндігі бар.

Үш ай бойы команда сауал­дама сайтының интерфейсі мен функционалдығы бойын­ша мұқият жұмыс істеді. Жоба менторы – кәсіпкер, медицина академиясының түлегі және DBA EU Business School (Швейцария) іскерлік әкім­шілендіру докторы Сейітжан Сыпабеков. Команданың басқа екі қатысушысы – Nazarbayev University Инженерия және цифр­лы ғылымдар мектебі бакалавриат бағдарламаларының түлектері Юсуп Тумгоев пен Аманжол Шунгеев. Қазір екеуі де НУ магистратурасында, Юсуп Data Science саласында, ал Аман­жол Медицина мектебінде Sport Medicine and Rehabilitation саласында оқуын жалғастыруда.

«Біздің командада Сейітжан кәсіби медициналық қолдауды қам­тамасыз етеді. Біздің мінде­тіміз – тесті әзірлеу, оның меди­циналық құрамдас бөлігі үшін Аманжол жауапты, ал мен тех­никалық аспектілерге жауап бе­ремін», дейді Ю.Тумгоев.

Тегін және қарапайым тест тапсыру үшін https://covistop.asia/covid-test / сайтына өту және жауап­тарға 5 минут жұмсау жеткілікті. Тест нәтижелеріне байланысты респондент одан әрі ұсынымдар алады. Қазір тест ақпараттық сипатта жұмыс істейді, болашақта әзірлеушілер медициналық мекемелер мен COVID-19 жөніндегі жедел желілердің байланыс деректерін, сондай-ақ вирус жұқтыру ықти­малдығы жоғары әрекеттер алго­ритмін қосуды жоспарлап отыр.

«Тест Нұр-Сұлтан қала­сы­ның Ұлттық ғылыми кардио­хирургиялық орталығы маман­дарының модерациялауынан­ өт­ті. Тест нәтижелері кез келген ақпараттық жүйеге, оның ішінде еліміздегі денсаулық сақтау жүйесіне интеграциялануы мүм­кін. Деректер көбінесе дербес­тендірілген сипатқа ие. Бізді қолдағандардың барлығына және COVID-19-ды жұқтырудың ең асқынған жағдайлары бар па­циент­терді емдеумен айналыс­қан мамандарға алғыс айтамыз», дейді Ю.Тумгоев.

Тест әлеуметтік коммерция­лық емес жоба екенін атап өт­кен жөн. Тестіден өту және нәти­желерді алу тегін. Болашақта әзірлеушілер тест нәтижелерінің дәлдігін арттыруды жоспарлап отыр және жасанды нейрондық желіні пайдаланудан басқа, машиналық оқуды да қосқысы келеді.