• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Қазан, 2020

Д.Трамп бейнеүндеу жасады

168 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Дональд Трамп үш күннен кейін госпитальден шығып, Ақ үйде бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz

Президенттің тікұшағы Уолтер Рид атындағы әскер-теңіз госпиталінен шығып, Ақ үйдің маңына қонған. Ақ үйдің балконында сөз сөйлеген Д.Трамптың бұл әрекеті жақтастарын алаңдатып отыр. Бейнеүндеуде оның әрең тыныс алып, демалуға қиналып тұрғаны байқалады. Бұдан бөлек, Ақ үй басшысы баспалдақпен көтеріліп бара жатқанда медициналық бетпердесін бірден шешіп тастағаны видеоға түсіп қалған.

"Мен тәуекел мен қауіп барын білемін, бұл – қалыпты жағдай. Қазір жағдайым жақсы. Мүмкін иммунитет бар шығар. Оған (вирусқа) өміріңізде басымдық бермеңіз, далаға шығыңыз, сақ болыңыз, бізде әлемдегі ең жақсы дәрілер бар... Ал вакциналар жақында дайын болады", дейді Д.Трамп.