• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қазан, 2020

Атыраудағы Исатай ауданында "Ашық әкімдік" ашылды

357 рет
көрсетілді

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының мақсаты – мемлекеттік  қызмет көрсетуді қолжетімді ету. Осыған орай енді Исатай ауданының тұрғындары мемлекеттік қызметті бір орталықтан алатын болды. Өйткені мұнда "Ашық әкімдік" кеңсесі ашылды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Аудан әкімі Марат Мурзиевтің айтуына қарағанда, бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру үшін қолға алынып отыр. Ең бастысы, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол берілмейді. "Ашық әкімдік" кеңсесінің ғимаратында қабылдау кестесі ілінді. Демек мемлекеттік қызмет көрсетуде ашықтық пен жариялылыққа басымдыққа ие болады.

"Мұндай кеңселер  тағы бес ауданда ашылалы. Ең басты мақсатымыз – халықпен тікелей диалог орнату. "Ашық әкімдік" кеңсесінде төрт мемлекеттік атқарушы органның өкілдері қызмет көрсетеді. Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерге байланысты аудандық әкімдікке, басқа да мемлекеттік мекемелерге бармай, осы кеңседен жауап алады", дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт.