Тағы бір азаматтың өмірі жол үстінде үзілді. Бірақ көлік апатынан емес. Қызылқоға ауданының аумағымен өтетін "Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясы шекарасы" бағытындағы жолды жаңғыртуға тартылған жұмысшының аяғын ыстық асфальтты тегістейтін арнайы техника басып кеткен, - деп хабарлайды Egemen.kz
Ауыр жарақат алған жұмысшы ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған.
Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқыс оқиға 3 қазанда Қызылқоға ауданында болған. Қазір арнайы тексеру жұмыстары басталды.