• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Президент 06 Қазан, 2020

Президент Стратегиялық жоспарлау агенттігінің кейбір мәселелері туралы Жарлыққа қол қойды

1046 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ереже;

2) Агенттіктің құрылымы;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Агенттіктің Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылсын.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

  Президенті                                                                                Қ.Тоқаев

Нұр-Cұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 5 қазан

                 №427

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ережені мына сілтемеден біле аласыз.