• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 06 Қазан, 2020

Президент Жарлығымен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ережесі мен құрылымы бекітілді

2021 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжатта Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ереже сондай-ақ агенттіктің құрылымы қоса берілген.

"Агенттікке Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс", делінген Жарлықта.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтемеде танысуға болады.