• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қазан, 2020

Құландыда тұрғын үйлерге интернет желісі тартылуда

233 рет
көрсетілді

Қарақия ауданының Құланды ауылында тұрғын үйлерге талшықты оптикалық интернет желісін тарту жұмыстары қарқынды. Бұл туралы Құланды ауылдық округінің әкімі Санат Төкенов мәлім етті, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық коммуникация орталығы.

Құланды ауылына тартылып жатқан талшықты оптикалық интернет желісін «Транстелеком» АҚ жүргізіп жатыр. Құланды ауылдық округінде 280 тұрғын үй және 3 әлеуметтік нысан бар. 28 қыркүйектен бастап күні бүгінге дейін 30 тұрғын үйге толықтай талшықты оптикалық интернет желісі тартылды. 200 тұрғын үй және әлеуметік нысандар интернет орнатуға өтініш берді. Жоспарға сәйкес, өтініш берілген барлық тұрғын үйге интернет желісі тартылатын болады. 

«Бұрын пайдаланып келген ұялы телефонның мобильді интернетінің жылдамдығы төмен болып, интернетке кіру мәселе болатын. Ауыл тұрғындары қазіргі орнатылып жатқан талшықты оптикалық интернет желісінің жылдамдығы жоғары екендігін көріп ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтып жатыр. Ендігі кезекте балалар интернет желісінің жылдамдығына келіп тірелетін онлайн сабақты қиындықсыз оқитын болады», - деді ауылдық округінің әкімі.

 

 

Маңғыстау облысы