• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Технология 07 Қазан, 2020

Ұшқышсыз ұшатын көліктердің ерекшелігі неде?

702 рет
көрсетілді

Заманауи технологияның, соның ішінде ұшатын көліктердің қолданысқа енгеніне біраз болды. Алайда көпшіліктің бас шайқап, таңырқайтын дүниелері көп-ақ. Осыған орай ұшқышсыз ұшатын әуе көліктері жайлы біраз ақпарат легін ақтарып көрелік.

Америкалық Ansys техно­логиялық компаниясы жаһан тұрғындарының арасында арнайы сауалдама жүргізген болатын. Нәтижесінде, ұшқышсыз ұшатын көлікті пайдалануға респонденттердің 64%-ы дайын екен. Бұған Үндістаннан (92%), Қытайдан (86%) және Жапониядан (57%) тұрғындар үлкен қызығушылық танытып отырған жайы бар.

Бұл ретте сауалдамаға жауап бер­гендердің 86%-ы көліктің жаңа түрлері техникалық ақауларға және күрделі жөн­деулерге әлі де дайын еместігін, сөй­те тұра тың жаңалықты қолданғысы келе­тіндердің күн санап артып келе жат­қанын тілге тиек етті.

Жуырда Аустрияның Линц қа­ласында қоғамдық кө­лік жүйесі аэротаксимен, яғни әуе­де ұшатын рейстік көлік­тер­­мен толықтырылады. Бұл инфра­құрылым 2021 жылы қолдануға берілмек. Аэротакси тек жолаушыларды тасымал­дап қана қоймай, жүк тиемелерін де жеткізетін болады. Сынақ­тан өткізу барысы халық қоныс­танбаған аймақта және жолаушыларсыз тәжірибеден өтеді. Алғашқы тікұшақ айлағы Дунай­дың екі жағалауында пайда болады деп жоспарланып жатыр.

Линц қаласы – Аустриядағы тұрғын­дар саны бойынша үшінші орында. Онда 200 мыңнан астам халық шоғырланған. Тұр­ғындардың басым көпшілігі қала маңында қоныстанған. Жоба ұйымдастырушыларының пі­кі­рінше, аэротаксиді сынақтан өткі­зу үшін осы аймақ қолайлы.

Линцте пайда болатын EHang 216 аэромобильдерін аустриялық және қы­тайлық инженерлер бір­лесіп әзірледі. Кабинада екі жо­лаушыға арналған орын бар. Сондай-ақ аэротакси 260 ки­ло жүк тией алады. Ал дизай­ны алып квадрокоптерге ұқ­сайды. Аэротакси сағатына 150 шақы­рым­ға дейін жылдамдықпен ұшады. 2019 жылы Вена орта­лы­ғындағы футбол алаңында EHang 216-ның ал­ғашқы сынағы бол­ған еді. Сол кезде аэротакси жо­лау­шылармен бірге әуеге кө­те­ріліп, стадионды айналып ұш­қан.

Сонымен қатар Түркияның Baykar Defense компаниясы Cezeri-дің «ұшатын көлігін» сынақтан сәтті өткізді. Тікұшақтың сыртқы бөлігі алып дронға ұқсайды. Кө­­ліктің 230 кило болатын түп­нұсқасы 10 метр биіктікке көте­рілген. Осылайша компания өкіл­дері түпнұсқалардың бір­не­ше түрін құрастыратынын және бортты адаммен бірге ұшы­ратынын хабарлады.

Болжамдарға сәйкес «ұшатын кө­лікті» сағатына 100 шақырымға дейінгі жылдамдықпен дамыта отырып, 2 мың метрге дейін биік­тікке көтеріле алатындай етіп құрастыру. Алайда нарыққа шығару үшін тағы 10-15 жыл қажет болатынын еске салды. Сон­дай-ақ «ұшатын көлікке» XII ға­сырдың әйгілі мұсылман ин­женері және эрудиті Исмаил әл-Джазаридің (Ismail al-Jazari) есімі берілген.

Бұдан бөлек, әлемге әйгілі Lilium стартап компаниясы 2025 жы­лы ұшатын таксиді қол­данысқа шы­ғаруды жоспарлап отыр. Ал­ғашқы кең көлемді ұшатын құрылғыны сынақтан өткізген стартаперлер Gett және Airbus менеджерлерімен бірлесе жұмыс істеуде. Gett-такси ком­паниясының Еуропа бөлігіне жауапты директоры Ремо Гербер: «Біздің компания ұжымы әр­дайым ерекше дүние жасауға атсалысып келеді. Жобамыздың бастапқы нұсқасы да дайын. Оған қоса, Lilium стартаперлері – өте білікті мамандар. Жолаушыларға арналған аэротакси құрылғысын жалғастыра береміз», дейді.