"Қазгидромет" РМК 8-10 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еліміздің солтүстік және шығыс жартысында жаңбырдың арты қарға ұласуын тудырған Солтүстік циклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз ықпалын тигізуді жалғастырады. Мұнда жауын-шашын, тұман, көктайғақ, екпінді жел сақталады.
Алайда циклонның артына кезекті антициклон жылжып келеді, онымен жауын-шашынның тоқтауы және еліміздің көптеген облыстарында ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Тек батыста күздегідей жылы ауа райы күтіледі.