• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
14 Сәуір, 2010

САНДЫҚ ТЕЛЕРАДИОХАБАР ТАРАТУ­­ — УАҚЫТ ТАЛАБЫ

857 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қазақстанда сандық телерадиохабар таратуды енгізу мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Сандық телехабар таратуға көшу Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының шешуші бағыттарының бірі ретінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуника­ция­лық кеңістік құру қажеттілігіне және Президент Нұрсұлтан Назар­баевтың тапсырмасына байла­нысты жүзеге асырылып отыр. Байланыс және ақпарат ми­нистр­лігі жүргізген ағымдағы тех­ни­калық және экономикалық мүм­кіндіктерге талдау нәтижесінде елеулі техникалық және эконо­ми­калық артықшылықтарға ие хабар таратудың ұлттық операторын құру және сандық жерүсті, ка­бельді, спутниктік және мо­биль­ді тарату стандарттарын анықтау жөнінен  бірқатар ұсыныстар енгізілді. Сол сияқты жергілікті жерлердің жер бедерін, климат­тық жағдайлары мен халықтың орналасуын ескере отырып сан­дық хабар таратудың жоспары да әзірленетін болады. Премьер-Министр бүтіндей алғанда ұсынысты қолдады және сандық теледидар енгізу, сондай-ақ оның нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру жөнінен бірқатар тапсырмалар берді.