"Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде экотуризмді дамыту бойынша құрылған кеңестің құрамы бекітілді. Оған ғалымдар, саладағы сарапшылар, туристік қауымдастық өкілдері, қоғам қайраткерлері мен эко-активистер кірді, деп хабарлайды Egemen.kz
Басши ауылында Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаевтың басшылығымен өткен отырыста Кеңестің алдағы жұмысы талқыланды. Енді ол ұлттық паркті дамытудың жаңа концепциясын жүзеге асыру кезінде қоғамдық бақылауға қатысады.
Шарадан кейін Кеңес мүшелері парк аумағында экотуризмге арналған инфрақұрылым орындарын аралап көрді.
Еске салсақ, 2020 жылы 3 қыркүйекте "Алтын емел" МҰТП-ін дамытудың тұжырымдамасы таныстырылған.