Ауа райы 09 Қазан, 2020

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

564 рет
көрсетілді

"Қазгидромет" РМК 10-12 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік циклонның жырасы біртіндеп Қазақстанның шығысына қарай жылжиды, онда кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ сақталады.

Еліміздің батысында биік жотамен ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Республика бойынша кей жерлерде екпінді жел болжанады.