Жапонияда "Чан-хом" тайфунына байланысты 141 ішкі әуе рейсі тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.
Негізінен оңтүстік-батыстағы Кюсю аралын елдің басқа аймақтарымен байланыстыратын бағыттар тоқтатылған. Бірақ теміржол қатынасы тоқтатылған жоқ.
Тайфун қазір Жапонияның оңтүстігіндегі Тынық мұхитында және солтүстік-шығысқа қарай бет алған. Орталық бөлігінде желдің жылдамдығы 35 м/с, ал екпіні 50 м/с жетеді. Тропикалық дауылдың әсерінен кейбір аймақтарда қатты жаңбыр жауады.