• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қазан, 2020

"Ұлы тағзым" қоры ЮНЕСКО аккредитациясынан өтті

620 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ЮНЕСКО ұйымы жанындағы тұрақты өкілдігі  Ұлытау өңірінде жұмыс істейтін «Ұлы тағзым» қоғамдық қорының мәртебелі құзіретке ие болғанын қуана жеткізді,  деп хабарлайды Egemen.kz

«Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде өткен Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Конвенцияға қатысушы мемлекеттер Бас Ассамблеясының VIII сессиясының шешімімен «Ұлы тағзым» қоғамдық қоры Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитетте кеңесші қызметін атқару үшін расталған құзіреті бар үкіметтік емес ұйым ретінде аккредитациядан өтті. Қазақстандық ұйымдар арасында бұл бірінші жағдай болып тұр. Құттықтаймыз!», делінген аталған өкілдіктің хабарламасында.

Яғни,  «Ұлы тағзым» қоғамдық қоры алдағы уақытта ЮНЕСКО-ның аталған Үкіметаралық комитетінің мәжілістеріне Қазақстанның атынан тұрақты өкіл ретінде қатысып, талқыға түсетін мәселелерге қатысты пікір айту құқығына ие болды.

Аталған қор 2009 жылдан бері жүйелі түрде жұмыс істеп келеді. Ұйым  Ұлытаудың тарихи, табиғи және рухани бай мұрасын сақтау және оларды кең ауқымда насихаттауды өзінің басты мақсаты санайды. Қазіргі таңда қоғамдық қор Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және басқа да мемлекеттермен әріптестік тығыз қарым-қатынас орнатқан.

Осы орайда, «Ұлы тағзым» қоғамдық қорының басшысы Балғын Салықова мен ұйымның идеялық қолдаушысы, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайының директоры Бақтияр Қожахметовтің  сәтімен іске асқан шаруаға қосқан сүбелі үлестерін айта кеткен жөн.

 

 

Қарағанды облысы