• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қазан, 2020

Махамбет Досмұхамбетов "үздік іскер-шаруа әкімді" құттықтады

409 рет
көрсетілді

Жақында "Үздік ауыл әкімі" республикалық байқауына Исатай ауданындағы Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі Мәди Өтеғалиев "үздік іскер-шаруа әкім" номинациясына ие болған еді. Оны Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов құттықтап, алғыс хат тапсырды.

«Үздік ауыл әкімі» – республикалық байқауы елімізде алғаш рет өткізілген маңызды дода. Осындай айтулы шарада бақ сынап, үздіктер қатарынан көріндіңіз. Сондай-ақ, өңір абыройын асқақтатып, республикалық деңгейде мемлекеттік қызметшілерге үлгі көрсеттіңіз.

Байқауға ұсынған «Құмды аймақтарда мал шаруашылығын дамытудағы су мәселесі» туралы жобалық-жоспарыңыз расында өңірімізге ғана емес, елімізге керекті маңызды жобалардың бірі деп есептеймін» деді Махамбет Досмұхамбетов.