Ranking.kz-тің мәліметінше, Қазақстанда шетелдік кәсіпкерлердің қатысумен 21,7 мың компания жұмыс істеп тұр. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,8% көп (19,4 мың компания). Соның ішінде 21,1 мыңы (97,3%) шағын компаниялар, ал 325 компания (1,5%) орташа, 260-ы (1,2%) ірі компаниялар, деп хабарлайды Egemen.kz
Көбінесе шетелдік компаниялар көтерме және бөлшек саудада жұмыс істейді: 8,6 мың. Құрылыс саласында олардың саны – 2,2 мың, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында – 1,6 мың. Қазақстандағы шетелдік компаниялардың ең көбісі – ресейліктер. Мәселен, биыл тамыз айының соңында Қазақстанда ресейлік 7,40 мың компания жұмыс істеп тұрды, олардың көпшілігі сауда саласында (3,61 мың компания).
Сондай-ақ Қазақстанда түркиялық кәсіпорындар да көп: 2,44 мың. Түрік компаниялары көбінесе сауда, құрылыс және өндіріс саласында еңбек етеді. Қазақстандағы шетелдік компаниялардың саны бойынша алғашқы үштікке Қытай кіреді: 1,24 мың кәсіпорын. Соның 1,20 мыңы шағын компаниялар, 16-сы орташа және 20-сы ірі компаниялар.