• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Қазан, 2020

Елордада акционерлік қоғамның қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс басталды

352 рет
көрсетілді

Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша елордалық акционерлік қоғамның бірінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды Egemen.kz

Тергеу барысында АҚ мен басқа кәсіпорын арасында электр кабельдерін сынауға арналған екі электротехникалық зертхананы жеткізуге мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшарттың жасалғаны анықталды.

Аудиторлық тексеріс нәтижесі бойынша аталған зертханалардың техникалық сипаттамаларға сәйкес келмеуі бөлігінде бұзушылықтар табылды. Мемлекетке келтірілген залал сомасы 316 млн теңгеден асады. Қазіргі таңда ҚР ҚК 189-б. 4-б. 2-т. сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде (аса ірі көлемде кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру).