ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы әскери жаттығулар өткізу туралы келісім ратификацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы "2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.