Президент поштасынан
Мемлекет басшысының атына Кабардин-Балкар Республикасы (Ресей Федерациясы) Эльбрус ауданының тұрғыны Узеир Құрбановтан жеделхат келіп түсті.
Жеделхатта адам өлімі мен үй-жайлардың қирап-бүлінуіне әкеліп соққан Алматы облысының Ақсу ауданындағы Қызылағаш су қоймасында болған апат туралы хабарды балкарлар қайғыра отырып естіді, деп атап өтілген. Кабардин-Балкар тұрғындары Шығыс Қазақстандағы оқиғаларға да үлкен қобалжумен құлақ түруде. Біз сіздермен бірге 2000 жылы Тырныауз қаласында болған қайғыны да бастан өткердік, – деп жазады У.Құрбанов, – сондықтан мұндай табиғат апатының ауыр салдарлары қандай болатынын жақсы білеміз.
“Өз халқымның және жеке өз атымнан табиғат апаты салдарынан қайтыс болғандардың, сондай-ақ зардап шеккендердің туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Бұдан бірнеше жыл бұрынғы репрессия жылдарында Қазақстан халқы бізге көмектесті. Біз қазақ халқының кең пейілі мен қонақжайлылығын әрдайым есте сақтап келеміз, бұл – біз үшін теңдесі жоқ құндылық. Қазақстанның күйзелісі – біздің күйзелісіміз. Зардап шеккендерге көмек үшін біздің тарапымыздан Қазақстан халқы Ассамблеясы қорына 200 мың рубль аударылды”, – делінген жеделхатта.