• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Қараша, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1106

471 рет
көрсетілді

2013 жылғы 18 қазан,  Астана, Үкімет Үйі

Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. Қоса беріліп отырған Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидалары бекітілсін.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген

Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидалары1. Жалпы ережелер1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидалары «Қазақстан Республи­касындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақ­стан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және ауыл көше, көп­пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.2. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі3. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады.Тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің және ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.7. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлга ашады.Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлга бөлек жиынның төрагасы болып табылады.Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.8. Жергілікті қогамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұргындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты бекіткен сандық құрамга сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.Жергілікті қогамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұргын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қагидаты негізінде айқындалады.9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болыһ есептеледі.10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төрага мен хатшы қол қояды және оны тиісті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

Соңғы жаңалықтар