• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Құқық 13 Қараша, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1143

375 рет
көрсетілді

Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бекіту туралы

«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 38-6), 38-7) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. Қоса беріліп отырған энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормалары бекітілсін.2. «Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 261 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013ж., № 22, 353-құжат.) мынадай толықтыру енгізілсін:көрсетілген қаулымен бекітілген Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидалары:мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:«7-1. Энергия өндіруші ұйымдағы отынның орташа тәуліктік шығысы мынадай формулаларға сәйкес есептеледі:В=Втэ + Вээ, [тонна],мұндағы:В – энергия өндіруші ұйымдағы отынның орташа тәуліктік шығысы;Вжэ – жылу энергиясын өндіруге арналған отынның орташа тәуліктік шығысы;Вээ – электр энергиясын өндіруге арналған отынның орташа тәуліктік шығысы.Жылу энергиясын өндіруге жұмсалатын отынның орташа тәуліктік шығысының мөлшерін айқындау.Вжэ = Вжэ шарт / Э, [тонна]; мұндағы:Вжэ шарт – жылу энергиясын өндіруге арналған шартты отынның орташа тәуліктік шығысы [шартты отынның тоннасы];Э – отынның жылу шығару қабілетінің шартты отынға қатынасына тең калориялы коэффициенті:Э = Qpт / 7000,мұндағы:Qpт - отынның төменгі жылу шығару қабілеті, [килокалория/килограмм];7000 – шартты отынның төменгі жылу шығару қабілеті, [килокалория/килограмм].Вжэ шарт  = Qтәу * bт * 10-3, [шартты отынның тоннасы],мұндағы:Qтәу - тәулігіне алынатын жылу энергиясының мөлшері [гигакалория];bо ­– шартты отынның жылу энергиясын жіберудегі үлес шығысы, [килограмм/гигакалория].Qтәу = Q * t, мұндағы:Qтәу – тәулігіне алынатын жылу энергиясының мөлшері [гигакалория];Q – белгіленген жылу қуатын пайдалану коэффициентін ескере отырып есептелген жылу қуаты [гигаколория / сағат];t – тәуліктегі сағат саны [сағат];Q=Qбелг *Ко, [гигаколория/сағат], мұндағы: Qбелг  – станцияның белгіленген жылу қуаты, [гигакалория /сағат];Ко – белгіленген жылу қуатын пайдалану коэффициенті;Ко= Qөнд  /Qбелг.*n) мұндағы:Qөнд  – жыл бойы өңдірілген жылу энергиясының мөлшері [гигакалория];n – өткен жылдағы күнтізбелік сағат саны.Тәулігіне электр энергиясьш өндіруге жұмсалатын шартты отын мөлшерін айқындау:Вээ = Вээшарт /Э, [тонна],мұндағы:Вээ шарт – электр энергиясын өндіруге арналған шартты отынның орташа тәуліктік шығысы, [шартты отынның тоннасы];Э – отынның жылу шығару қабілетінің шартты отынға қатынасына тең калориялық коэффициенті:Э = Qpт / 7000, [килокалория/килограмм].мұндағы:Qpт - отынның төменгі жылу шығару қабілеті, [килокалория/килограмм];7000 –  шартты отынның төменгі жылу шығару қабілеті, [килокалория/килограмм].Вээ шарт = Этәу * bэ * 10-3 [шартты отынның тоннасы],мұндағы:Этәу – тәулігіне алынған электр энергиясының мөлшері [мың киловатт*сағат];bэ - шартты отынның электр энергиясын жіберудегі үлес шығысы, [грамм/киловатт*сағат];Этәу = N * t,  мұндағы:N – белгіленген электр қуатын пайдалану коэффициентін ескере отырып есептелген электр қуаты [мегаватт];tтәу – тәуліктегі сағат саны, сағат;N=Nбелг.*Кэ, [мегаватт], м9ндағы:Nбелг. – станцияның белгіленген электр куаты, [мегаватт];Кэ – белгіленген электр қуатын пайдалану коэффициенті;Кэ = Эөнд  / (Nбелг.* n), мұндағы:Эөнд – өткен жылы өндірілген электр энергиясының мөлшері [мың киловатт*сағат];n – өткен жылдағы күнтізбелік сағат саны.».3. «Отын пайдалану қорының нормасы туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 19 желтоқсандағы № 577-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қазандағы  №1143 қаулысымен бекітілген

Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатынотын қорының нормасы1. Қатты және сұйық отынмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін:100 километрге дейінгі жеткізу қашықтығында 10 тәулікке арналған негізгі және резервті отын мөлшері;100 километрден асатын жеткізу қашықтығында 20 тәулікке арналған негізгі және резервті отын мөлшері.2. Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін, оларда мазут:авариялық отын, 5 тәулікке арналған отынға мөлшері;резервтік отын, 10 тәулікке арналған отын мөлшері болып табылады.3. Мазут жағатьш отын болып табылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін:10 тәулікке арналған отын мөлшері, бұл ретте бір мезгілде жағылатын агрегаттар саны:номиналды өнімділігінен 30%-ға дейін жүктемесі бар 4x200 мегаватт, 3x300 мегаватт және одан жоғары электр станциясында - блоктарда;номиналды өнімділігінен 30%-ға дейін жүктемесі бар жылу электр орталығының екі ең үлкен қазанынан жоғары болмауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар