• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қазан, 2020

Атыраудағы №1 емхананың тағы үш қызметкеріне өтемақы төленеді

250 рет
көрсетілді

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының уақытша міндетін атқарушы  Асхан Байдуәлиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұған дейін №1 Атырау қалалық емханасының бірнеше дәрігері өтемақының төленбегенін айтып, алаңдаушылық білдіріп еді. Тіпті бұл емхананың есепшотынан қомақты қаржының ұрланғаны белгілі болды.

"Аталған емхананың есепшотынан ұрланған 70 млн теңгенің үстемеақы мен өтемақы үшін төленетін қаржыға қатысы жоқ. Қазір қолды болған қаржыға қатысты тиісті құқықтық органдар тергеу-анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тамыз айында емхана әкімшілігі жергілікті басқармаға коронавируспен күресте қызмет еткен 33 дәрігердің құжатын жіберген. Бастапқыда 10 медицина қызметкерінің құжаты мақұлданды. Енді №129 бұйрыққа өзгеріс енгізілуіне байланысты тағы үш қызметкерге өтемақы төленетін болды", деді Асхан Байдуәлиев.