• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қазан, 2020

Үшемнің анасына көмектесті

642 рет
көрсетілді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Түркістан облыстық филиалы жуырда ғана үшем туған көпбалалы ананы құттықтап, оған көмектесу үшін үйіне арнайы жасақталған мобильді топ жіберді.

«Бұған дейін 3 баласы бар 23 жастағы Еркінай Есенбаева дүниеге үшем әкеліп, көпбалалы аналардың қатарына қосылғаны туралы ақпарат­ты баспасөз құралдарынан білдік. Сондай-ақ бала тууға байланысты мемлекеттік қызметтерді рәсімдеуге үшемнің ата-анасының уақыты болмай жүргендігін естісімен, бірден хабарласып, өз көмегімізді ұсындық. Арнайы шалғай өңірлерге қызмет көрсетуге арналған мобильді ХҚО-ның қызметкерлерін жіберіп, қажетті құ­жаттар мен өтінішін қабылдадық», дейді филиал директоры Ержан Жеңісбеков.

Мамандар Еркінайға туу туралы куәлігін табыстап, балалардың тууына байланысты және бір жасқа дейінгі жәрдемақы тағайындау қызметтері бойынша құжаттарды қабылдап, өтінішті уәкілетті органдарға жіберді. Енді қараша айының басында жас ата-ана өздеріне және балаларына тиесілі мемлекеттік төлемдерге ие болады.

«Балаларымның жәрдемақыларын алу үшін құжат тапсыруға баруға мүмкіндігім болмай жүрген еді. ХҚО-ның қызметкерлері құжаттарымды үй­де отырып өткізуге көмектесті. Қат­ты қуанып қалдым. Мамандар ма­­ған гүл сыйлап, құттықтап, жылы лебіз­дерін жеткізді. Менің қиналып отыр­­ғанымды естіп, жедел әрекет жа­саған ХҚО-ның мамандарына алғыс білдіремін», дейді жас ана.

 

Түркістан облысы