Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
"15 қазанда таңертеңнен бері өртті жоюға "Қазавиақұтқару" АҚ-ның "МИ-171" тікұшағы жұмылдырылып, екі күн ішінде тікұшақ 66 тонна көлемінде 22 рет су шашты. Сонымен қатар, облыстық ТЖД-ның жеке құрамынан 55 адам жұмылдырылды. Батпақ пен қалың өскен өсімдіктер арнайы техниканың баруын қиындатты. Өртті сөндіру аспалы өрт сөндіргіштер мен шартылдақтардың көмегімен жүзеге асырылуда. Өртенген жердің жалпы ауданы 1,5 гектарды құрайды. Оның 1,2 гектарындағы өрт сөндірілді. Шамамен 0,3 гектар жерде өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта өрт теңізге қарай бағыт алды", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Теңіз жағалауындағы өртті сөндіру және байланысты ұйымдастыру үшін командалық-штабтық машина орнатылды. Ал жеке құрамға қауіпсіз қашықтықта тамақтану мен түнеуге арналған шатырлар тігілді.