• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қазан, 2020

Атырауда дәріден уланған жасөспірім құтқарылды

1232 рет
көрсетілді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 12 жасар жасөспірім отбасындағы келіспеушілік пен кикілжіңнен кейін дәрі ішіп, уланып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz

Оның қан қысымын түсіретін дәріні көп мөлшерде ішкені анықталды.

"Дәріден уланған қыз жағдайы нашарлаған күйде облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Жан сақтау бөлімінде жатқан пациенттің денсаулығы үшін дәрігерлер 12 сағат арпалысты. Жағдайы жақсарған соң палатаға ауыстырылды. Қазір денсаулығы қалпына келген жасөспірім үйіне шығарылды", деп хабарлады облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Дулат Сабыров.