Жіті респираторлық вирусты инфекциясы (ЖРВИ) мен тұмау әлемдегі ең өзекті медициналық, әлеуметтік, экономикалық мәселенің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, жыл сайын әлемде 3-5 млн.-ға жуық адам тұмаудың ауыр түріне шалдығып, 250-500 мың адам көз жұмады. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг жөнінде ғылыми-практикалық орталықтың хабарлауынша, Қазақстанда 2012 жылы 1 044 834 ЖРВИ және 626 тұмауға шалдығу оқиғасы тіркелген.
Жіті респираторлық вирусты инфекциясы (ЖРВИ) мен тұмау әлемдегі ең өзекті медициналық, әлеуметтік, экономикалық мәселенің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, жыл сайын әлемде 3-5 млн.-ға жуық адам тұмаудың ауыр түріне шалдығып, 250-500 мың адам көз жұмады. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг жөнінде ғылыми-практикалық орталықтың хабарлауынша, Қазақстанда 2012 жылы 1 044 834 ЖРВИ және 626 тұмауға шалдығу оқиғасы тіркелген.
Қазақстан Республикасы аумағында ЖРВИ және тұмауға шалдығу эпидемиялық үдерісін сипаттайтын көпжылдық деректерді талдай отырып, эпидемиялық маусымды қазан айынан бастап сәуір айына дейін жалғасады деп болжауға болады. Індет көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар мен егде жастағы (65 жастан асқан) азаматтарда тіркеледі. Дәл осы жас топтарында тұмау мен өкпенің қабынуы – инфекциялардың ішіндегі өлімнің себебі ретінде бірінші орынды, барлық өлім себебінің ішінде бесінші орынды алып отыр.
Аурудың алғашқы белгілері байқалысымен дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңызы зор. ЖРВИ – түрлі вирус салдарынан пайда болған респираторлық вирустық ауру тобы. Ол жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен және ағзаның улануымен сипатталады.
Бүгінгі таңда түрлі топ ЖРВИ қоздырушы 200-ден аса вирустың түрі (парагрипп вирусы, тұмау вирусы, аденовирус, риновирус, энтеровирус, т.б.) бар екені белгілі.
Тұмау – эпидемиялық маңызы бар ЖРВИ түрі. Бұл аурулардың даму белгілерін алғашқы сатысында байқаудың маңызы зор. Себебі, ол дер кезінде тұмауды емдеумен қатар, айығуға көмектеседі.
ЖРВИ мен тұмауды емдеудің өз ерекшеліктері бар. Сондықтан, уақытылы дәрігерге жүгіну өте қажет.
Жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабаты – инфекция кіретін жол ЖРВИ мен тұмауға ортақ болып табылғандықтан, бұл індеттің де ұқсас белгілері бар. Алайда, тұмау ағыны өткір респираторлық вирустық инфекция ағынынан ерекшеленеді.
Белгілері
ЖРВИ
Тұмау
Басталуы
Біртіндеп
Әрқашан өткір. Науқастар өзінің ауырып қалғанын сезінген шақты нақты айта алады.
Қызудың көтерілуі
Дене қызуы аздап көтеріледі,
кейде 38,5°С- температураға дейін жетеді.
Дене қызуы бірнеше сағат бойы 39-40°С-ға дейін көтеріледі, кейде одан да жоғарылауы мүмкін.
Улану белгілері
Улану бәсең байқалады.
Уланудың белгілері тез ұлғаяды, қатты терлейді, маңдай мен самай тұсы, сондай-ақ, көз алмасын қимылдатқанда да ауырады, сырқат жарықтан қорқады, басы айналып, бұлшық ет пен буыны ауырады.
Тұмау мен мұрынның бітелуі
Белгілері жиі білінеді.
Аурудың екінші күні аздап мұрын бітеледі.
Катаралдық белгілер (тамақтағы ауыруы болмаса қызару)
Салқын
тиюге қосалқы белгі.
Аурудың алғашқы күндері жиі байқалмайды, көбінесе жұтқыншақтың артқы қабырғасы мен жұмсақ таңдайдың қызаруы байқалады.
Жөтел, өзін қолайсыз сезіну
Құрғақ жөтел ауру басталғаннан бастап аздап байқалады.
Аурудың екінші күнінде құрғақ, азапты жөтел пайда болады.
Түшкіру
Жиі.
Сирек.
Көздің сілемейлі қабығының гипемериясы (көздің шытырлы қабықша-сының қызаруы), жарықтан сескену
Сирек.
Тұмаудың жиі байқалатын белгілерінің бірі.
Астениялық синдром
Сауыққан соң да аздап байқалады.
Шаршағандық, әлсіздік, ашуланшақтық, бас ауруы, ұйқысыздық екі-үш апта бойы сақталады.
Тек дәрігерге жүгіну ғана ЖРВИ мен тұмаудан айығуға мүмкіндік береді.
Тұмауды қалай емдеу қажет? Бұл сауалға жауапты тек маман ғана бере алады. Ешқашан өзіндік ем жасауға тырыспаңыз. Себебі, ЖРВИ мен тұмау белгілері бір-біріне ұқсас.
ЖРВИ-дің алғашқы белгілері пайда болысымен-ақ дәрігерге көрініңіз.
Қалай ескерту қажет?
Екпе жасау – тұмаудың алдын алудағы анағұрлым тиімді әдіс болып табылады. Егер уақытылы екпе жасалса, тұмау вирусын жұқтырғанның өзінде, аурудың ауыр ағымын, сондай-ақ, кейінгі асқынуларын болдырмауға мүмкіндік туады.
Сондай-ақ, ол вирусты жоюшы қорғаушы агенттер «антиденелердің» бөлінуін қамтамасыз етеді. Десе де, ағзаның вирусқа қарсы реакциясы қалыптасып үлгеру үшін екпені індет басталмастан бірнеше ай бұрын жасау керек.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғындардың келесі топтары арасында: созылмалы өкпе, жүрек-тамыр аурулары, жүрек кемістігімен сырқаттанған балалар және жабық мекемелерде (балалар үйлері, мектеп-интернаттар) жиі сырқаттанатын және әлсіз балалар, қарттар үйіндегі адамдар, медицина қызметкерлері мен жүкті әйелдер арасында тұмауға қарсы екпе жүргізілуде.
Сондай-ақ, азаматтарға ақылы негізде және жұмыс берушінің қаражаты есебінен екпе жасау қарастырылған.
Жыл бойы ағзаны нығайту:
ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін жыл бойы, әсіресе, күз бен қыстағы инфекцияның өршу алдында қорғаушы иммундық механизмді нығайту керек.
Алдын алу шаралары:
Ағзаның вирустарға қарсы тұруы үшін саламатты өмір салтын ұстану;
Бетперде тағу, қоғамдық орындарға барған соң қолды тазалап жуу, жөтел кезінде ауызды жабу, ғимаратты жиі тазалау мен желдету сынды санитарлық-гигиеналық режімді ұстану жатады. Бетпердені ауырған адам да, қасындағы азаматтар да тағуы тиіс;
Көкөніс, жеміс-жидек немесе құрамында жеткілікті дәрумендер бар басқа өнімдерді, әсіресе, аскорбин қышқылын пайдалану;
Адам көп шоғырланған орындарға бармауға, мүмкіндігінше қоғамдық көлікпен емес, жаяу жүруге тырысыңыз. Жөтел мен түшкіру кезінде вирус 10 метр қашықтықтан да таралатынын есте сақтаңыз;
Тұмаудың өршу кезінде вирустан қорғанудың маңызды компоненттеріне: дәруменге бай азық-түлікті пайдалану, қажетті мөлшерде су ішу мен тынығу жатады.
Салқын тигеннен болатын аурудың алдын алу – мезгілдік тұмау індеті кезінде ғана емес, азаматтар әрқашан өз денсаулығына күтіммен қараған уақытта ғана нәтижелі жүзеге асады. Тиімді тамақтану, саламатты өмір салтын ұстану, ағзаны шынықтыру мен спортпен айналысу – ағзаның салқын тиюге қарсыласу дәрежесін көтереді және басқа көптеген аурулардың пайда болуының алдын алады.
Сіз Қазақстан Республикасында дәрі-дәрмектер жайлы шынайы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығына 8-800-080-88-87 телефон нөміріне хабарласу арқылы (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) ала аласыз. Сондай-ақ, сауалдарыңызды ДАТО мамандарына www.druginfo.kz сайтындағы арнайы айдарында қоюға мүмкіндігіңіз бар.
ДАТО-ның мамандары өз жұмысында халықаралық дерекқор мен дәлелді медицина дереккөздерін, сондай-ақ, препараттардың медициналық қолданылу ережесіне сай белгіленген мәліметтерді пайдаланады.
Құрметті қазақстандықтар! Өз өміріңізді, денсаулығыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын бағалаңыз! Дәрігердің нұсқауынсыз дәрі-дәрмектерді қолдануға асықпаңыз!Денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз!
Денсаулық сақтау министрлігі
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» РМК
Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы.