Қырғызстандағы президент сайлауы 2021 жылы 17 қаңтарда, ал парламенттік сайлау 20 желтоқсанда өткізілуі мүмкін. Бұл туралы журналистерге Орталық сайлау комиссиясының жетекшісі Нұржан Шілдабекова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
"Парламенттік сайлау 20 желтоқсанда өткізілуі мүмкін", деді ол.
"Мүмкін елдегі президент сайлауы 2021 жылдың 17 қаңтарына тағайындалуы мүмкін", деп қосты Шилдабекова.
Еске салайық, Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламент сайлауының нәтижелерімен келіспеген халық 5 қазаннан бастап жаппай наразылыққа шығып еді. Наразылық білдірушілер мен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыстардан кейін парламентке өтпеген оппозициялық партиялардың жақтастары президент әкімшілігі орналасқан парламент ғимаратын басып алды.
Қақтығыстарда 1,2 мыңнан астам адам жарақат алды, бір адам қаза тапты. Нәтижесінде, Қырғызстан премьер-министрі Кубатбек Боронов отставкаға кетті. Сондай-ақ, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков те орнын босатты.