• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Қазан, 2020

Еліміздегі халық саны 18 млн 785 мыңға жетті

972 рет
көрсетілді

Биылғы қыркүйек айындағы санақ бойынша Қазақстан халқының саны 18 млн 785 мыңға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Статистика комитетінен мәліметінше, 2020 жылғы 1 қыркүйекке еліміздегі халық саны 18 785,0 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар – 11066,2 мың (58,9 пайыз), ауылдықтар – 7718,8 мың адам (41,1%)

Былтырғы 1 қыркүйекпен салыстырғанда халық саны 237,5 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті. Ең көп жалпы өсім еліміздің 3 ірінде: Алматы (63,1 мың адам), Нұр-Сұлтан (50,0 мың адам) және Шымкент (31,8 мың адам) қалаларында болды.