• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қазан, 2020

Жылыту маусымына дайындық: өрт қауіпсіздігі қаперде

781 рет
көрсетілді

Маңғыстауда құзырлы органдардың мәліметіне сүйенсек, облыс бойынша барлық нысанның 2020-2021 жылғы жылыту маусымына 100% дайын екенін айтады. Дайындықтың бір бағыты өрт оқиғаларын болдырмау, апаттың алдын алуды пысықтау бағытында жүргізіледі. Биыл жыл басынан бергі 9 айдың ішінде 178 өрт тіркелген болса, оның ішінде тұрғын үй секторына тиесілі 65 өрт орын алған. Қуаныштысы, өртте қаза тапқандар тіркелген жоқ, бірақ әртүрлі дәрежеде 3 адам жарақат алған.

Қысқы мезгілде үйді немесе ғимаратты жылыту үшін газ жағу айрықша сақтықты қажет етеді. Өйткені газ жағу кезіндегі сал­ғырттық өрт немесе улану қау­пін күшейте түседі. Жыл ба­сынан бері өңірде улы газдан улану салдарынан екі адам жарақат алды. Табиғи газбен уланудан қаза болу себебі – газ қазандығын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан туатыны белгілі.

Маңғыстау облысының бар­лық елді мекендері орталық­тан­­дырылған газбен қамтамасыз етілген. Сондықтан газды қол­дану ережелерін үйретіп, сақ­т­ық шараларын сақтауды талап ету облыс бойынша жүргізілуі тиіс. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өрттің алдын алу және адам­дар­дың улы газбен уланудан қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау мақсатында халықпен тұрақты түрде өрт қауіпсіздігі қағидаларын түсіндіру жұ­мыс­тары жүргізіледі. Бұл – жылыту маусымына дайындық кезеңінің басым бағыттарының бірі. Департамент жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топ­тарының 3 мыңнан астам үйін есепке алды, оның ішінде барлық үйлер аулаларды аралаумен қамтылды.

– Рейдтер нәтижесінде 648 үйде 749 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу анықталды. Айта кету керек, бұған дейін бұзу­шы­лықтар анықталған үйлер ағым­дағы жылдың 1 қарашасына дейін қайта тексеріліп, 398 үй қамтылды. Ал халықтың әлеу­мет­тік осал топтарының тұр­ғын үйлерін қоспағанда, департамент қызметкерлері 8 мыңнан астам адамды қамти отырып, 3 мыңнан астам ауланы аралап шықты. Өрт кезінде дұрыс мінез-құлық дағдыларын дамыту мақсатында 240 оқу орнында 14 мыңнан астам оқушыны қамти отырып, 28 интерактивті және ашық сабақ өткізілді, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев.

Жұмыс аудандар мен қала­­­­лар­­­да жалғасын та­буда. Маңғыстау ауданы Тө­тенше жағдайлар бө­лі­мі­нің №8 ӨСБ жеке құрамы «ҚазТрансГазАймақ» қыз­мет­кер­лерімен бірлесе жылыту маусымының басталуына байланысты Шетпе ауылының іргесіндегі Ащыбұлақ ауылында орналасқан тұрғын үйлерге «Қазақстан-Ақтау телеар­на­сының» қатысуымен өрт қауіп­сіздігін сақтау мақсатында тү­сін­діру жұмыстарын жүр­гіз­ді. Про­фи­лактикалық жұмыс ба­рысында 2 072 адамды қам­ти­тын 441 тұрғын үйді аралап, бірқатар қателіктерді анық­та­ды. Мысалы, 31 үйде жылыту пештері үйдің ішінде орна­ласқан болса, 14 үйде ауа айналатын желдеткіштің бол­мауы, 21 үйде  жылыту пеш­те­рінің қасында жанғыш заттар қоюға жол берілгені сынды 66 бұзушылық анықталды.

Түсіндіру жұмыстары кезінде ТЖБ қызметкерлері, жылу пеш­терінің дұрыс орналасуы қажет­тігін, балаларды жалғыз қалдырмау керектігі жөнінде, электр құрылғыларын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін, өңірдегі көп таралған өрттің шығу себептері және оның салдарын көрсете отырып, өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. «Сақтықта қорлық жоқ» дегендей, қауіпсіздік шараларын алдын ала жүргізіп, сақтана білгенге не жетсін?!

 

Маңғыстау облысы