• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Қазан, 2020

Аустралияда карантин талаптары жеңілдеді

203 рет
көрсетілді

Аустралияда індет ошағына айналған Виктория штатында шектеу шаралары кезең-кезеңімен жеңілдетіле бастады, деп хабарлайды Egemen.kz

Штат орталығы Мельбурн қаласының тұрғындары 3 айдай қатаң шектеулерді орындап, үйден 2 сағаттан артық шықпау керек болған. Бүгіннен бастап бұл тыйым алынды. Бірақ адамдар үйден 25 шақырымнан алыс кетпеуі тиіс. Дегенмен билік мейрамхана мен дәмханаларды ашуды тағы 2 аптаға кейінге қалдырды. Аустралияда коронавирусты жұқтырғандардың басым бөлігі осы Виктория штатында тіркелген. Жалпы елде індет таралғалы вирусты 27 мыңнан аса адам жұқтырған.