• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қазан, 2020

Қостанайда жасырын жұмыс істеген екі ойынхана анықталды

145 рет
көрсетілді

Қаржы мониторингі комитетінінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері арнайы мақсаттағы "Қыран" бөлімшесімен бірлесе отырып, Қостанай қаласының түрлі аумақтарында бір уақытта екі жасырын ойынхананың заңға қайшы қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz

Түрлі құмар ойындарды ұйымдастыру және өткізу үшін іс фигуранттары қала аумағында арнайы орындарды жалға алған. Ойын жабдықтарын қолдана отырып, олар ойынға 10 000 теңгеден кем емес сомаға фишкалар сатып алған ойыншыларды ғана қатыстырған. Содан кейін ақшалай ұтысты білдіретін ауызша келісім жасаған.

Тексеріс барысында покерге арналған үстел, 6 ойынға арналған үстел, ойын карталарының 15 колодасы, фишкалар, бейнежазбалары бар ресивер, ойынға тігілген мөлшерлемелер туралы жазбалары бар журнал және блокнот, ойын фишкалары бар кейс, Samsung маркасындағы электронды планшет және ақшалай қаражат анықталып, тәркіленді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.