• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қазан, 2020

Мақтааралда Nur Otan партиясының қолдауымен салынған 20 үй тұрғындарға табыс етілді

156 рет
көрсетілді

Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келген Nur Otan партиясы Төрағасының  бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мамыр айында топан судан зардап шеккен Жеңіс, Достық, Жаңатұрмыс ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Б.Қыдырғалиұлы партия тарапынан топан су салдарын жою бағытында нақты жұмыстар атқарылғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Сардоба" су қоймасының жарылуы салдарынан Мақтаарал ауданындағы 5 елді мекен зардап шеккен болатын. Апат болған алғашқы күннен бастап Nur Otan партиясының Түркістан облыстық филиалы өкілдері жедел штаб құрамында жұмыс істеді. Тұрғындарды эвакуациялауға, азық-түлікпен қамтуға, гуманитарлық көмекті үйлестіруге атсалысты. Партияның барлық облыстар мен қалалардағы филиалдары гуманитарлық көмек керуенін жіберіп, мырзашөлдіктермен бірге екендерін дәлелдеді. Сонымен бірге Елбасы тапсырмасымен құрылған "Birgemiz" қоры арқылы 32 үйді салу жөнінде шешім қабылданды. Осыған байланысты мамыр айында партия басшылығы Мақтааралға арнайы келіп, жаңа шағынауданнан бой көтеретін үйлердің іргетасын қалау рәсіміне қатысқан еді. Бес айдай мерзім ішінде 20 үйдің құрылысы аяқталды.

Мырзашөлдіктердің қуанышын бөліскен Бауыржан Байбек жаңа үйлердің кілтін салтанатты жағдайда тапсырды.  Сонымен бірге құрылысы жүріп жатқан 12 үйдің жай-күйімен танысты. Ол баспаналар да таяуда ел игілігіне берілмек. Жаңа баспанаға ие болған Достық ауылының тұрғындары жетекші партияның қамқорлығына ризашылықтарын білдірді. Мемлекет, жалпы Қазақ елінен үлкен қолдау көргенін айтқан тұрғындар "мұндай апат енді қайталанбасын" деген тілектерін жеткізді.