• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Елорда 19 Қазан, 2020

Елорда әкімі онлайн-қабылдау өткізді

110 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі онлайн-қабылдау өткізді. Өтініш білдіргендердің мәселелері назарға алынды. Бұл туралы Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

“Азаматтарды онлайн қабылдадым. Апта сайын қабылдау әдісі көбірек тұрғынды қамтуға мүмкіндік береді. Өтініш білдіргендер - тұрғын үй, қосымша білім алу, медицина және т.б. қатысты бірқатар мәселелерді көтерді. Бұл мәселелер қараусыз қалмайды.

Қалалықтардың бірқатар мәселесін шешуге осыдан бір жыл бұрын ашылған "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы да ат салысып жүр. Орталықта "бір терезе" қағидаты бойынша қала тұрғындарына 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі. "Жанұя" мамандары - тұрғын үй бағдарламаларына қатысу; әлеуметтік шаралар және аз қамтылған азаматтарды қолдау және т.б. мәселелер бойынша кеңес береді”, - деп жазды Алтай Көлгінов.