• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Қазан, 2020

Қырғызстанның су жаңа бірінші ханымы туралы ақпарат пайда болды

4380 рет
көрсетілді

БАҚ бетінде Қырғызстан президентінің міндетін уақытша атқарушы Садыр Жапаровтың жары, қазір көрші елдің бірінші ханымы атанып отырған Айгүл Асанбаева туралы тың деректер шықты, деп хабарлайды Egemen.kz

Айгүл Асанбаева 47 жаста, ол Ыстықкөл облысының Түп ауданында дүниеге келген. Мамандық пен білімі туралы әзірге мәлімет жоқ.

Садыр Жапаров пен Айгүл көрші ауылдарда тұрып, табиғат аясындағы демалыстардың бірінде достары арқылы кездеседі. Асанбаева еске алғандай, ол кезде өзі 18 жаста, ал Жапаров 23 жаста болған. Олар үш жылдық достықтан кейін шаңырақ көтеріпті.

Кейбір дереккөздер президенттің  бес баласы бар деп көрсетсе, басқаларында төрте перзенті бар делінген. Сұхбаттардың бірінде балалары туралы сұрағанда, Асанбаева олардың төрт баласы бар екенін, бірақ олар Садыр Жапаровтың інісі мен келіні жол апатынан қайтыс болғаннан кейін олардың ұлын өздерімен алып кеткенін атап өтті.

 

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Асанбаева күйеуін "саяси қуғындау" кезінде үш жыл бойы балаларымен бірге шетелде тұрған. Олардың Ресей мен Польшада тұрғаны туралы да деректер бар.

Асанбаева өзінің сұхбаттарының бірінде күйеуін қырғыз-қазақ шекарасында ұстау кезінде қауіпсіздік күштері онымен бірге ұлы Рустамды да қамауға алғанын, содан кейін ол алты айға жуық уақытша тергеу абақтысында отырғанын айтты. Сол сәтте Асанбаева сол кездегі бірінші ханым Раиса Атамбаеваға ұлын босату үшін көмек сұрапты.

"Таныстарым арқылы мен бірінші ханымға барып, одан көмек сұрадым. Бірақ ол "мұндай сұрақтармен айналыспаймын", деп жауап берді... Еліміздің бірінші ханымы болу бақыты бәріне бірдей берілмейді.  Бұл Құдайдың белгісі. Сондықтан, бірінші ханым мейірімді әрі ақылды болу керек", деді Асанбаева.

Айта кетейік, Садыр Жапаров жазасын өтеп жатқан кезде Асанбаева өз пікірін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ашық білдіріп, әрқашан биліктің озбырлығына қарсы іс-шараларға қатысқан.