Өкпені жасанды желдетудің стационарлық аппараттарына республика бойынша барлық қажеттілік 1500 бірлік аппаратты құрайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Алексей Цой мәлімдеді,, деп хабарлайды Egemen.kz
Бүгінде Қазақстанның 17 өңіріндегі 297 ауруханаларына барлық 1500 бірлік өкпені жасанды желдетудің стационарлық аппараттары өндірілді және жеткізілді.
Сондай-ақ Қазақстан зауыттарында 376 жедел жәрдем автомобильдері шығарылды, оның 220-сы ел өңірлеріне жеткізілді.
Бүгінгі таңда қалған 156 бірлік жеткізілуде. Жалпы, осы бағдарлама шеңберінде 5 қарашаға дейін 1 167 бірлік санитарлық көлік жеткізілетін болады.