Алматы халықаралық әуежайына Қазақстанның Қарулы Күштері үшін медициналық мақсаттағы гуманитарлық көмек ретінде жүк келді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Гуманитарлық көмекті жіберуші – Германия Федеративтік Республикасының Қорғаныс министрлігі. Мүлікті кедендік тазарту "СК-Фармация" ЖШС-мен бірлесіп жүргізілді.
Медициналық қажеттіліктер мен жабдықтар COVID-19-бен күресуге арналған. Өкпені жасанды желдету аппараттары, термометрлер және бір реттік бет перделер эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін әскери бөлімдерге берілетін болады.