Екі жыл бұрын Канадада басталған балалар порнографиясын әшкерелеу іс-шарасы нәтижесінде бүгін 340 адам тұтқындалып отыр. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.Іс-шара барысында көптеген мектеп оқытушыларының, дәрігерлер мен әртістердің балалар порнографиясына қатысы бар екені белгілі болып, зорлық-зомбылыққа ұшыраған 386 бала құтқарылды. Тұтқындалғандардың көбісі АҚШ пен Канада азаматтары болып шықты. 2011 жылы Канадада балалар порнографиясын әшкерелеу іс-шарасы қолға алынып, Торонто қаласында «Azov Films» интернет сайты жабылған еді. Бұл сайт иесіне жылына 4 млн. долларға жуық табыс әкеліп жүрген көрінеді. Полиция дерегі бойынша, сайт иесі – 42 жасар Брайан Уэй есімді азамат 5 пен 12 жас аралығындағы балалардың жалаңаш түсірілімін ұйымдастырған. Түсірілімдер Германия, Румыния мен Украина елдерінде жүргізілген. Айдар Өрісбаев.