• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қазан, 2020

Ақмола облысында жалған дипломмен жұмыс істеген 12 педагог анықталды

519 рет
көрсетілді

Ақмола облысында 12 педагогтың ауылдық жерлерде жалған дипломмен жұмыс істегені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2020 жылдың 16 қазанында полиция қызметкерлері өңірдегі ауылдардың бірінде тұратын 31 жастағы әйелдің жалпы білім беретін мектепке педагог ретінде жұмысқа орналасуы үшін аудандық білім бөліміне жоғары білім жөнінде жалған диплом бергенін анықтады. Педагогтың үстінен Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Күдікті қылмысын мойындады. Ол дипломның жалған екенін білген және оны сатып алу үшін қыруар ақша төлегені белгілі болды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұғалімдер жалған дипломмен 2 жылдан астам уақыт жұмыс істеген.